- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кімге Coca-Cola ішуге...
Кімге Coca-Cola ішуге болмайды?
Дәрігерлер тәттілендіргіштері бар газдалған сусындарды ас мәзірінен біржола алып тастау керегін айтып келеді.
Осы кеңесті ескеріп, қантты аз тұтынғысы келетін көптеген адамдар кәдімгі газдалған сусындардың диеталық түрлеріне ауысады, өндірушілердің айтуынша, оларға калориясы жоқ тәттілендіргіштер ғана қосылады.
Алайда, біріншіден, дәл осы қант алмастырғыштары кейде қанттың өзіне қарағанда әлдеқайда зиянды, ал екіншіден, хош иістендіргіштер мен басқа да қоспалардың мөлшері бұл сусынды пайдалы ете түспесі анық.
Адамдардың көпшілігіне диеталық сусындарды тұтыну айтарлықтай зиян тигізбесе де, денсаулығының осал тұстарына жағымсыз жанама әсер ету ықтималдығы жоғары. Сондықтан егер сізде төменде келтірілген проблемалар болса, коладан бас тартыңыз.
Ішек тітіркену синдромы бар адамдар
Өйткені, диеталық содалар бұл синдромды күшейтеді. Гастроэнтеролог Джонатан Кунг: «Диеталық содада қолданылатын жасанды қанттарды қорыту қиын, бұл іш қату, диареяға және ішектің ауырсынуына әкеледі», - дейді Eat This, That! басылымына берген сұхбатында: «Кейбір жағдайларда жасанды қанттар не қант алмастырғыштар ішек бактерияларының құрамын өзгертетіні белгілі, бұл ішектің тітіркену синдромын күшейтеді».
Мигрень немесе бас сақинасы бар адамдар
Майо клиникасы мен Американың мигреньмен күрес қорының мәліметтері бойынша, диеталық сода құрамындағы жасанды тәттілендіргіштер бас сақинасын қоздырады. Бұған қатысты: «Қант алмастырғыштар мигрень, созылмалы бас аурулары бар адамдарға зиян», - дейді Кунг.
Асқазан қыжылы бар адамдар
«Газдалған сусын төменгі өңеш сфинктерінің (асқазанды өңештен бөлетін) жабылу қабілетін әлсіретіп, қышқылдың өңешке кері ағып кетуіне әсер етіп, қыжыл мазалауына себепкер болады», - дейді маман. Дәрігер айтуынша, асқазан қыжылы бар адамдардың ішімдік, қызанақ, кофеден де бас тартқаны абзал.
Қант диабетімен ауыратын адамдар
Қант диабетімен ауыратын және қандағы қант деңгейін қадағалалап отыруға мәжбүр адамдар диеталық сода қанты жоқ тамаша таңдау деп ойлауы мүмкін. Алайда бұл қате тұжырым. «Зерттеу жасанды тәттілендіргіштер 2 типті қант диабетінің дамуы және инсулинге резистенттіліктің жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті», - дейді доктор Кунг.
Рефлюкс ауруы бар адамдар
Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруынан (ГЭРА) зардап шегетіндер үшін де диеталық содалар зиян. «ГЕРД асқазан қышқылының асқазаннан өңешке ағуының нәтижесінен пайда болады», - дейді маман. Ал газдалған сусындарда көбінесе лимон қышқылы бар, бұл аурудың жағымсыз белгілерін күшейтеді.
Фенилкетонуриямен ауыратын адамдар
Фенилкетонурия – тұқым қуалайтын ауру, ол аминқышқылдары алмасуының бұзылуымен байланысты. Бұл ауру кезінде фенилаланин деп аталатын амин қышқылы денеде шамадан тыс жинақталады. Ең көп таралған жасанды тәттілендіргіштердің бірі аспартамның құрамында осы амин қышқылы бар. Сондықтан мұндай ауруы бар адамдардың аспартам қосылған диеталық содалардан (және басқа тағамдар мен сусындардан) бас тартқаны дұрыс.
А. Оралқызы