- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қиярдың пайдасы...
Қиярдың пайдасы
Қияр — адам ағзасын шлак пен зиянды заттардан тазартып, ағзаны дәрумендер мен минералды заттар қорымен толықтырады. Себебі құрамында көптеген пайдалы элементтер бар. Сонымен қатар қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеуге болады және косметика саласында да үлкен орын алады. Ол көптеген теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Ендеше қиярдың денсаулыққа пайдасымен таныса отырыңыздар.
Қиярдың 95% судан тұрады. Ал мұның құрамындағы су тірі су болып табылады. Сонымен қатар құрамында ақуыз, аз мөлшерде көмірсу (глюкоза, крахмал, фруктоза) және В және С тобындағы дәрумендер, калий, фосфор, кальций, магний және басқа да микроэлементтер мен асқазан қорытуын жақсартатын органикалық қышқылдар бар. Құрамындағы осы заттардың арқасында ерекше қасиеттерге ие қияр көкөнісі адам ағзасына көп пайдасын тигізеді.
Қиярдың тағы да бір ерекше қасиеті – ағзаға артық майдың жиналуын болдырмайды. Себебі мұның құрамында болатын тартрон қышқылы майды ерітеді. Сондықтан да артық салмақтан арылғысы келетін жандар үшін ең тиімді көкөніс болып табылады. Сонымен қатар бұл оңай, нәтижелі әрі пайдалы және зиянсыз екенін ұмытпағанымыз жөн. Алайда арықтау үшін қияр диетасын 1 апта ғана ұстау қажет.
Қиярдың ерекше қасиеттері:
— Асқазанның қорытыуын жақсартып, ішекте тұрған астың жылжуын тездетеді. Сондықтан да іш қатып, асқазаныңыздың қорытылуы нашарласа қияр диетасы сізге жақсы көмектеседі;
— Буын қабынуын (артрит) емдеуге ең жақсы дәрі;
— Ағзадағы қышқылдың тепе-теңдігін бір қалыпта ұстайды;
— Зиянсыз, қуықты тастардан тазартып, зәр айдайтын табиғи дәрі;
— Ағзадағы тұзды сулар балансын қалыпты етіп ұстаушы;
— Жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуші;
— Гипертония ауруын болдырмайды;
— Теріні тазартып, ағартады;
— Тіс жегісін емдейтін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады.
Қияр диетасы:
1. Таңертең 1 стақан су.
2. Жарты сағаттан соң калориясы 200 ккалды құрайтын майсыз тағам (ботқа, балық, сүзбе, ірімшік, жұмыртқа) тұтыну керек.
3. Күннің қалған уақытының барлығында тек қана қияр немесе одан жасалған салаттарды қара нанмен қосып, сағат 12-14, 16-17, 19-20 аралықтарында жеу қажет. Артынан су немесе көк шай ішіеді.
4. Ұйықтар алдында калориясы 100 ккал құрайтын кез келген жемістер жеу қажет.
Калориясы аз қияр салатын дайындау жолы:
0,5-1 кг қиярды ірі етіп турап, 30 гр майлылығы төмен қаймақ немесе айран, дәміне қарай ақжелкен (петрушка), аскөк (укроп) қосып араластыру керек. Айран мен қаймақ орнына 10 гр өсімдік майын қосуға болады. Есіңізде болсын, майлы өнімдермен араласқан қияр калориясы өте төмен болса да тойымдылық сезімін береді.
Н. Үсенова