- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қиярды неге аршымай...
Қиярды неге аршымай жеген пайдалы?
Қиярды аршып та, аршымай да жеуге болады. Әркімнің өз қалауы. Бірақ екеуінің пайдасы екі түрлі көрінеді.
Мәселен, мамандар қияр аршымай жеген жөн дегенді айтады. Оның 5 пайдасы бар екен.
Адамға энергия береді. Ағзаға қуат беретін С және D витаминдері қиярдың құрамында өте көп. Әсірес, қабығында. Шаршап тұрған болсаңыз, қиярды аршымай жеп жіберсеңіз, тез қуат аласыз.
Жүрекке пайдалы. Қиярдың қабығында калий элементі көбірек болады. Ал ол қан қысымын реттеуге көмектеседі.
Асқазан жұмысын жақсартады. Қиярдың қабығы асты жақсы қорытуға көмектеседі. Жасұнықтың пектин деп аталатын түрі қияр қабығында мол болады. Бұлар асқазандағы улы заттарды, токсиндерді сыртқа шығарып тастауға ықпал ететін көрінеді.
Жасартады. Қиярдың өзі де, қабығы да адам терісін нәрлендіруге, пайдалы заттармен байытуға жақсы әсер ететінін көбіміз білеміз. Ендеше қиярды қабығымен бірге жесек, қартаюға жақсы антиоксидант болмақ.
Көзге пайдалы. Қияр қабығында бета-каротин көп. Бұлар – көздің көруін жақсаратын заттар.
Қ. Слямбек