Көптеген адамдар түн ұйқыға жатарда пижамаларын шешіп тастауды әдетке айналдырған. Сөйтсе, бұл қылықтары жайдан-жай емес екен. Ғылымның өзі киімсіз ұйықтаудың өте-мөте пайдалы екенін алға тартып отыр.
Ауырлықты жеңілдетеді
Толыққанды қан айналымына кедергі жасайтындықтан, бір уақытқа болсын "жасанды теріден" ажырап шығыңыз. Нәтижесінде, мазасыз көңіл-күйден арылып, қарын мен құрсаққа жауап беретін ми бөлігінің қызметі жанданады. Асқазан бөлігіндегі артық ауырлық жоққа шығады.
Не десек те, ғалымдар ұйқысыздықтың алдын алу үшін киімсіз жату керек деп кеңес береді.
Май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді
Жақсы ұйқы бәрі жақсы дегеннің кепілдігі емес. Адам ағзасы зат алмасуды жақсарту мақсатында тынымсыз жұмыс істей береді. Сол себепті, оларды артық қысымнан арылту қажет. Жалаңаш ұйықтағанда теріге ауа жету жолдары кеңейіп, регенерация процесі қарқынды жолға қойылады. Егер сіздің май бездеріңіз теріңізге май бөліп, үнемі жаңартып отырса, онда сіздегі зат алмасу процесінің қарқынына сөзсіз әсер етпек.
Өмір сүру сапасын арттырады
Белгісіз мазасыздық пен үрейлік дірдектен арыла алмай жүрсіз бе? Күні бойғы ауыр жұмыстан соң бірден ұйқыға кету қиынға соғады. Нәтижесінде, ертесіне көңіліңіз сынық болып тұрып, жұмысқа еш ынтаңыз болмай, ұйықтай бергіңіз келіп тұрады. ...Түнге қарай пижаманы шешкен уақытта күні бойғы ауырлықтың бәрінен серпіліп, кішкентай баладай ұйқы құшағына елітіп кетуіңіз мүмкін. Ал жақсы түс келесі күннің кешіне жетіп, шат-шадыман шаттыққа бөлейді.
Тағы да бірнеше кеңес:
Терінің жақсы демалып, тыныс алуы үшін ұйықтар алдында ванна қабылдаңыз. Жөтелмен оянып тұрмау үшін бөлмедегі температура мен ылғалдылық сәйкеc келуі тиіс.
Ақырғы кеңес, теріңіздің жылы-жұмсақ сезімге бөлеуі үшін жылы-жұмсақ көрпе жастаңыз.
сурет:privoscite.si
Дайындаған: Фараби Арыстанбек