Көзінің қиығымен жігіттердің жүрегін жаулап алатын аруларымыз үшін кірпіктің орны ерекше. Қалың әрі әдемі кірпіктер де сұлулықтың кепілі. Осы орайда, кірпіктерін қалай өсіреміз деген сауал көбіне 15 пен 40 жас аралығындағы нәзік жандыларды мазалайды екен.
Біз күнделікті опа далаптар жағып, оны жатар уақытта жуып, арнайы гель-маскалармен тазартамыз. Мейлінше үсті-үстіне үйкеліп жағылған тушты шайып, бояуын ғана кетіреміз.
Кірпіктер арнайы күтімді қажет етеді. Ол да шаш секілді. Кейде сиреп, бойындағы күшін жоғалтатын кездері болады. Сондықтан да әр кеш беттегі опаны жуып, көздегі бояуды асықпай, дұрыстап тазалаған жөн. Көз тазалауға арналған қоспамен сүртіңіз. Мақтаға жағып, 2-3 минут көзіңізде ұстап, тампон тазарғанша қайталаңыз.
Жоғарыда айтып өткендей, кірпік – шаш тектес. Сондықтан оны дәрумендермен байытып, керек азықтармен қамтамасыз ету қажет. Мәселен, өсімдік майы мен жүзжылдық шырыны және ақжелкеннен (петрушка) тұратын қоспа жасап, көзіңізге, қасыңызға басыңыз. Ақжелкенді ұсақ тураған жөн.
Кірпікті қатайту үшін:
Кастор майы кірпіктер үшін шипалы ем. Оның құрамындағы балауыз қышқылы түрлі сыртқы зақымдардан қорғап, ылғал көлемін реттеп тұрады. Кастор майын, тушь жағылған кірпікті екі-үш қайтара жуған соң арнайы щеткаға батырып, тушь жаққандай етіп, асықпай, бар кірпік ұзындығына жағыңыз. Сонымен қатар, кірпігіңізге, сандал, миндал, жожоба майларын жақсаңыз артық етпейді. Бұл майлар, көз айналасындағы ісікті басып, кірпіктің өсуін жылдамдатады. Кемінде бұл емді бір апта жалғасытру қажет. Осындай майлар қатарына ошаған (репей) майын да қолдануға болады. Алайда ол өте сұйық. Сондықтан көзге түсіп кетпес үшін, абай қолданыңыз.
Кірпікті қалай ұзартамыз?
Ең әуелі барлық бикештерге таныс тушь арқылы көзге акцент жасауға болады. Яғни кірпікті мейлінше көтеріп, қалыңдату арқылы. Өзіңізге ұнайтын екі сауда маркалы тушты кезек-кезек жағыңыз. Сол кезде кірпігіңіз көзге ұзын көрінетін болады.
Осындай бояулардан басқа косметикалық фирмалар арнайы кірпікке арналған кондиционерлер шығарды. Оларды тушь негізінде қолданады. Көп қыздардың айтуынша, бояу арқылы да жалғанған кірпіктерше ерекше әсер қалдыруға болады екен. Әрине, егер кірпігіңіз қалың, сау болса.
Қалың кірпік жасау үшін:
Бірінші қара көз бояйтын қарындаш пен қылқаламдар арқылы кірпікті әдемі етіп көрсетуге болады. Ол үшін кірпіктің ұзындығынан асырып, түзу сызық жүргізу керек. Егер түк шықпаса, кәдімгі бетке жағатын опаны пайдаланған дұрыс. Көзіңізді жұмып, опаны кірпігіңізге жағыңыз. Кейін үстін тушпен боясаңыз, әсерлі де әсем көзқарас сіздікі болады.
Әрине сұлулықпен қатар жасандылық бірге жүреді. Сондықтан жапсыруға арналған кірпіктерді де қолдануыңызға болады. Бұл үдерісті арнайы маманға жасатқаныңыз абзал. Себебі желіммен жасалатын процесс көзге өте қауіпті. Есіңізде болсын, көзге жапсырар кезде бетіңізге макияж жасамаңыз. Бітірген соң үлгересіз. Желім міндетті түрде түссіз немесе қара түсті болады. Кірпіктерді жапсырған кезден кейін қара карандашпен немесе қылқаламмен тағы бір рет өткізіп шықсаңыз артық етпейді. Алайда жасанды кірпік көбіне жаға бермейді. Түрлі зиян химиялық желімдерге көз әсер беріп, аллергия болып жатады. Сондықтан жасанды кірпік таңдарда арзанына жүгірмеңіз.
Есіңізде болсын!
Кірпік ұзартуға аса құнығып, зиян әрі рецептісіз шығарылатын ерітінді дәрілерді қолданбаңыз! Мысалы: физраствор, көзге арналған тамшылар, қызарғанды басатын ерітінділерді дәрігердің рұқсатынсыз қолданбаңыз. Егер көзіңіз әсер беріп жатса, салқын сумен екі-үш қайтара шайыңыз!