Басымыздан тірлік артылып жатқанда, біз кейде кеңседе компьютердің алдында, қағаздардың арасында көп отырамыз. Осының әсерінен ағзамыздағы зат алмасу мен калория бөліну процесінде өзгерістер орнап жатады.
Кеңседе күні бойы қағаздардан бас алмай отырған адамның денсаулығында мін болмайды десем, қатты қателесемін. Жұмыс бастан асып барады деп, байбалам салып жүріп, асқазан жайын ойлауды да ұмыт қалдыратындар жоқ емес.
Кеңседе тамақтанудың негіздері
Күні бойы орындықта отыру белгілі бір деңгейде бұлшық етке салмақ салу, бел омыртқаға күш салу, қанайналымы жүйелерінің бұзылуы сынды қолайсыз жайттармен байланысты.
Ол үшін жұмыстан шыққан соң, спортпен айналысып, жүгіріңіз деп айтуға ұялу керек. Өйткені күні бойы бас алмай жұмыс жасап, үйге әрең жететін жаннан мұны талап ету, әрине, ұят. Көбі адамдарға лық толы қоғамдық көліктерге мініп, ал енді бірі өз көліктеріне мініп алып, үйдегі сүйікті дивандарына асығады. Осының кесірінен артық салмақ артып, денсаулықта проблемалардың ұшы көріне бастайды.
Ой еңбегімен көп жұмыс істейтін жандар қолды іске аз араластырады. Көбіне олар тек қалам алып қағазға жазады, не пернетақтамен жұмыс жасайды. Осылай белсенді түрде энергияның сыртқа шығуы ішкі ағза мен ми жұмыстарына кері әсерін алып келетін рас. Сонымен қатар тек оймен ғана жұмыс жасап, қолды тек жазу үшін ғана пайдаланумен шектелу басқа органдардың жұмысын шектейді.
Ми белгілі бір деңгейде глюкозаны «жейді». Ой еңбегімен шұғылданған адам да дене еңбегімен жұмыс жасаған адам секілді көп энергияны шығындайды. Сондықтан еш қимылдамай отыратын адамдардың асқазаны да өз уақытында тамақ қажет етіп отырады.
Көмірсутекті өнімдер де ми жұмысы үшін тең түсуі қажет. Жеңіл көмірсутекті кофеттер мен қантты, не тәтті тоқаштардан дәм татсаңыз, глюкоза үлкен үлеспен қанға өтеді.
Күні бойы кеңседен шықпайтын жұмыскерлер көбіне-көп шынықпаған жандар болып келеді. Өйткені олар бір қалыпты температурада, бір орында қозғалмай отырады. Сондықтан олар иммунитеттің төмендеуіне көп шалдығады.
Кеңседе қандай тағамдарды пайдаланбау керек?
Әдемі дене бітімін сақтап қалғысы келетін жандар мүлде ауызға татып алуға болмайтын өнімдер бар. Бұлар жоғарыкалориялы пиццалар, фаст-фуд, майға қуырылған картоп, қатты нандар және т.б. күрделі тағамдар.
Сонымен қатар, күн сайын тәтті тоқашпен, печеньемен не конфетпен шәй ішуге де үйренбеу керек.
Шәй мен кофені қантсыз ішуге де тырыспаңыз. Өйткені екі түйір қант қосылған шәй мен бір тәрелке сорпа ішу – бірдей.
Кеңседе отырған әріптес, денсаулықтың да жайын ойлап қойыңыз!
Дайындаған және суреттерді түсірген: Ақерке Әбілхан