Қазақстандық ғалымдар ми қатерлі ісігін емдеудің жолын тапты

Қазақстандық ғалымдар ми қатерлі ісігін емдеудің жолын тапты

Қазақстандық ғалымдар мидың қатерлі ісігін емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл туралы "Шұғыл медициналық көмек көрсету ғылыми орталығының" баспасөз қызметі хабарлады.

"Кеннет Әлібек профессор мен Игорь Понамарев дәрігердің басшылығымен Назарбаев Университеті мен Шұғыл медициналық көмек көрсету ғылыми орталығының мамандары ми қатерлі ісігін емдеудің жаңа жолын ойлап тапты", - делінген бүгінгі тараған хабарламада.

Әдіс қатерлі ісік пен түрлі метаболиттік ауытқуларды комплексті этиопатогенетикалық емдеуге негізделген. Бұл көрсеткіштер коррекцияланған соң, химиотерапия жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл саладағы зерттеу жұмыстарымен көптеген халықаралық орталықтар айналысуда. Дегенмен тек біздің қазақстандық ғалымдар ғана нәтижеге жете алып отыр. Осы уақытқа дейін осы әдіспен емдеу курсынан өткен онкология бөлімінің 4 пациенті толығымен емделіп шықты. Тағы 6 емделушінің денсаулығында оң өзгерістер байқалып жатқандығын айтып отыр дәрігерлер. Бұл емделушілердің барлығы аурауханаға дертінің соңғы сатысында түскендігін айтып өтелік. Бұдан басқа терапиялардан пайда ала алмаған олар толығымен емделіп, қатарға қосылуға дайындалып жатыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: or-zone.ru