- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қазақстандық дәрігерлерге науқастармен...
Қазақстандық дәрігерлерге науқастармен сыпайы болу міндеттелді
Қазақстандық дәрігерлерге науқастармен сыпайы болу міндеттелді. Мұндай ереже ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың Стандарттарында жазылған. Бұл стандарт ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың бұйрығымен қабылданды.
Құжат Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылдың 4 наурызында тіркеліп, 2016 жылдың 14 наурызында ресми түрде жарияланды. Стандарт халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың талаптарын бекітеді.
Нақтырақ айтқанда, онда жазылған әрекеттер алгоритміне сәйкес учаскелік терапевттер, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, фельдшерлер мен медбикелер науқаспен жылы шырайда амандасып, онымен сенімді қарым-қатынас орнатуы керек және сыпайы түрде қоштасуы керек.
Мұнымен бірге медициналық жұмысшылар науқасты әрі қабылдап, қарау алдында қолын жуып, қажет болғанда бетперде киюі керек екен.
Бұл ереже әлеуметтік жұмысшыларға да қатысты.
Толығырақ: tengrinews.kz
С. Ерсін