Қазақстандағы коронавирус қаупі жоғары аймақтардың картасы

Қазақстандағы коронавирус қаупі жоғары аймақтардың картасы
Фото: Tengrinews.kz

Электронды үкімет порталы Қазақстанда коронавирус қаупі жоғары нысандардың картасын жариялады.

Картаның толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 67 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді.

А. Рысдәулет