Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус бойынша қауіпті елдердің жаңа тізімін жариялады.
Жарлықта коронавирус инфекциясының Қазақстанда таралуының алдын алу үшін COVID-19 тіркелген елдердің тізіміне өзгеріс енгізілгені жазылған.
Бұл мемлекеттерден келген азаматтар коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларында жазылған емдеу шараларына (медициналық мекемелердегі 14 күндік карантин, үйдегі медициналық бақылау және т.б.) бағынуы керек.
Тізімнің А дәрежесіне ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея енген. Бірінші Б дәрежесінде Италия ғана қалды. Ал екінші Б дәрежесінде Германия мен Испания бар.
Үшінші дәрежеге Гонконг, КХР, Швеция, Жапония, Таиланд, БАЭ, Франция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, САР кірді.