Балалар мен жасөспірімдерді семіздік дертінен қорғау мақсатында қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Депутаттардың бұл сауалына Үкімет басшысы Асқар Мамин жауап берді.
"Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту жолында уақтылы ескерту, көмек көрсету – Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының басымдыққа ие бағыттарының бірі", - деп жауап қатты Асқар Мамин депутаттардың сауалына.
Оның айтуынша, балаларды семіздік дертінен қорғау үшін 2025 жылға дейін мынадай шаралар көзделіп отыр:
- трансмайлы қышқылдардың пайдалануға тыйым салу;
- белгілі бір азық-түлік пен тағамдар құрамындағы қант пен тұзға шектеу қою;
- балаларға арналған трансмайлы қышқыл, тұз бен қанты мол азық-түліктің маркетингін телевидениеде және әлеуметтік желіде шектеу;
- өндірушілерді рецептурада қауіпсіз ингредиенттерді, органикалық шикізатты өндіруге ынталандыру;
- білім ұйымдарында, азық-түлік базарларында, сауда кәсіпорындарында және қоғамдық тамақтану орындарында жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөніс сатылатындай жағдай жасау;
- балабақшалар мен мектептерде үйлесімді тамақтану жүйесінің стандартын енгізу.