Қазақстанда алғашқы медициналық терминалдар іске қосылмақ

Солтүстік Қазақстан облысына алғашқы медициналық терминалдар орнатыла бастады. Терминалдың көмегімен дәрігерге көріну үшін алдын ала жазылуға, дәрі-дәрмектердің құнын білуге мүмкіндік туады.

Мұндай терминалдар жақында Қазақстанның түкпір-түкпіріне қойылатын болады. Медициналық терминалдар арқылы қолыңыз жетпей жүрген дәріңізге тапсырыс жасап, бірден ақшасын төлеуге болады. Ауруханаға жетпей жатып осы терминалдар арқылы дәрігерге қаралу үшін кезекке жазылып қоясыз.

Мұндай терминалдар Солтүстік Қазақстан облысында жасалынуда. Әр терминалдың құны 400 мың теңгені құрайды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: azbyka.kz