Сұлулықтан шабыт іздеген шайырлар көрікті ару көре қалса «Ақ қайыңдай бұралған ару қыз» деп жырлап жатады. Ақындардың жырына арқау болған бұл ерекше жаратылыстың поэзияда шоқтығы биік тұр. Қайыңдар сұлулықтың символына айналып үлгергендіктен, оған соқпай өту тіпті мүмкін емес. Қайыңдарды қоспай өлеңдететін ақындардың азайып кеткені де сондықтан. Мейлі дедік... Қайыңның сұлулығына шүбәміз жоқ! Өлеңдер мен жырларды жағалап жүрген осы бір жаратылыс иесінің адам денсаулығы мен ағза саулығына деген шипасы жайында да сөз қозғайық. Бүгін біз сіздерге осы бір ерекше ағаштың жағымды жақтары мен дертке шипа тұстары жайында айтып өтпекпіз.
Медицинада қайың жапырақтары, қайың шырыны, қайыңның қабығы мен қайың бүршігі жиі қолданылады. Осылардың барлығының адам денсаулығына деген пайдасы толассыз.
Әңгімемізді қайың қабықтарының пайдасынан бастайық. Ағаш қабықтарының құрамында адам ағзасына пайдасы мол заттар бар. Дәріханаларды толтырып тұрған емдік дәрілер де осы бір қабықтардан жасалған.
Қайың қабықтары, әсіресе, жүрек ауруларына шипа
Ал сіз қайың жапырақтарының емдік қасиеті жайында не білесіз? Қайың жапырықтары ревматизм мен радикулитке ем бірден-бір дауа. Тек жапырақтарды жасыл күйінде пайдалану керек. Жасыл жапырақты ауырып жатқан жеріңізге басасыз да, бір сағаттан аса уақыт ұстап тұрасыз. Тағы да айта кетерлік жайт, бұл шипаны жасау үшін мамыр айы мен маусымдағы жапырақтарды пайдалану керек. Жаз ортасында жапырақтар өздерінің емдік қасиетін жоғалта бастайды.
Қайың сыпырғысы жайында сөз қозғау моншада қыздырынып тұрып бу қабылдайтын адамдар үшін жағымды естіледі. Қайың жапырақтарынан жасалған сыпырғылар адам денсаулығына айтарлықтай пайдалы.
Ұшан-теңіз пайдасы бар бұл табиғи өнімдер адамның салауатты ғұмыр кешуіне зор үлесін тигізуде.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: zelenblog.ru, moiseevsky.ru, forum-bani.ru, liveinternet.ru