Қайың шырыны – керемет күш-қуат беріп, әртүрлі аурудың алдын алатын ерекше сусын. Өткен жылы салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың арасында кеңінен тараған кокос шырыны болса, биыл қайың шырынын тұтынушылардың саны күн санап артып келе жатыр. Оның ішінде шоу-бизнестегі жұлдыздар да бар. Өйткені ол адам денсаулығына өте пайдалы. Оның құрамында калий, кальций, темір, т. б. минералдар көптеп кездеседі.
- Қайың шырынының күніне 1-2 стақанын аш қарынға ішсеңіз, бүйрек ауруларынан аман қаласыз.
- Теріңіздің тартымды болғанын қаласаңыз, күн сайын 4 стақаннан кем ішпеңіз. Емделу курсы – 1 ай.
- Тамағыңыз ауырса, бұл сусынды кішкентай жұтымдармен ішіңіз.
- Қаназдыққа қарсы да күніне 1-2 стақаннан 2-3 рет ішсеңіз болады.
- Шашыңыздың тез әрі жұмсақ болып өскенін қалап, қайызғақтан құтылғыңыз келсе, аптасына 2 рет қайың шырынымен жуыңыз.
- Көктемгі авитаминоз кезінде қайың шырыны өте пайдалы. Тамақ ішер алдында жарты сағат бұрын ішсеңіз болды.
- Сонымен қатар балалардың иммунитетін көтеру үшін бұл шырынды күніне 3-4 рет беру қажет.
Сурет: krasnoglinskiy.ru