Уақтылы ұйықтау – адам ағзасының биоритмін сақтау арқылы денсаулықты да сақтаудың маңызды жолы. Әсіресе, сомнологтардың айтуынша, адам ағзасының эволюциясы жасап берген ұйқыға жатудың арнайы уақыты бар. Оны ұйқысыз өткізіп алған жағдайда қатері көп болмақ.
Сомнологтар "алтын сағат" (ұйқының алтын уақыты) деп атап кеткен уақыт – түнгі 22.00 мен 23.00-тің арасы. Бұл – нағыз сау, сапалы ұйқыны қамтамасыз ететін кез. Осы уақытта ұйықтау адам ағзасына көп пайда әкеледі.
Мәселен, Британияның The Telegraph басылымының жазуынша, "алтын уақытта" ұйықтаған 80 пайыз адамның табиғи биоритмі жөнделіп, ағзаның қалпына келуі күшеймек.
"Егер адам сағат 23.00-ден кеш жатып үйренсе, табиғи биосағаты істен шығып, циркадты ритмі бұзылады. Ал бұл артерия қан тамырының тозып, жүрек ауруының пайда болуына әкеледі", - дейді британ смонологы Гай Медоуз.
Оның айтуынша, дұрыс ұйықтау мен табиғи заңдылыққа бағынған ұйқы режімін ұстау арқылы адам қан-жүрек ауруларынан ада болмақ.