Достарымызбен демалыс орындарына не табиғат аясына шықсақ кәуап жемей қайтпайтын кезіміз сирек. Бұл тіпті демалыстың міндетті бөлігіндей оған ерекше көңіл бөліп, дайындаламыз. Америкалық зерттеушілер хабарлауынша, қуырылған ет адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріп, соның ішінде жиі кәуап жейтін адамдар бүйрек қатерлі ісігі ауруына шалдығады екен.
Техас университетінің зерттеушілері бүйрек қатерлі ісік ауруына шалдыққан 659 адамның күнделікті тұтынатын тағамдарына тәжірибе жүргізген. Сонымен бірге, тәжірибеге 700-ге жуық дені сау адамдар күнделікті тұтынатын тағамдары алынып, екеуін салыстырған. Нәтижесінде бүйрек қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың көбі отқа қуырылған тағамдарды (кәуап, барбекю) дастарқанына жиі қоятыны белгілі болған.
Отқа қуырылған тағамдар құрамында PhIP және MeIQx канцерогенді заттары көп болады. Дәл осы химиялық қосылыстар ағзада қатерлі ісік ауруларынтуғызады. Адам ағзасындағы зат алмасуда бүйрек сүзгі қызметін атқаратынын ескерсек, осы канцерогендер қабынуға әкеліп соқтырады. Зерттеушілер деннің саулығы үшін жоғары температурада отқа қуырылған тағамдарды сирек тұтыну керегін ескертеді. Өйткені, бұл тағамдар құрамындағы PhIP канцерогені бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан адамның ауруына 54%-ға, MeIQx канцерогені одан екі есе қоздырады екен. Сондықтан да отқа қуырылған тағамдарды жиі қолданудан бас тартқанымыз абзалырақ.
Қайда жүрсеңіз де, ең бірінші деніңіз сау болсын! Ал сіз бұл туралы осыған дейін есітіп пе едіңіз?