Қатырма қағаздағы (картон) тағамдарды жиі қолдану - денсаулыққа қауіпті. Бұл туралы Швейцария ғалымдары хабарлап отыр.
Швейцариялық ғалымдардың айтуы бойынша, қатырма қағаздар ескі парақтар мен түрлі түсті минералды майлардың қосындысынан жасалады екен. Ал мұндай қосындылар тағамдық өнімді «улайтын» көрінеді. Сондықтан да қатырма қағаздағы жарма, күріш, ұн мен макарон өнімдерін жиі қолданудан сақ болуды ескертіп отыр. Себебі, қатырма қағаздағы мұндай тағамдар адамдарды қауіпті ісік пен ішкі ағзаның бұзылуы секілді дерттерге шалдықтыруы мүмкін екен.
Қазіргі таңда Еуропада тағамдық өнімдерді буып-түюсіз (без упаковки) сату кең тарап келеді. Францияда өнімдерін дәл осылай сататын 500-ге жуық дүкен бар. Данияда да осындай дүкендер ашылуда. Адамдар өздерінің құтыларын әкеліп, қажетті тағамдарын қажетінше сатып алады. Ғалымдар осы әдісті денсаулыққа пайдалы санап отыр.