Қатерлі ісіктен толық қорғануға мүмкіндік жоқ. Бірақ оның алдын алуға болады, оның тиімді жолдары бар. Мұндай тиімді жолды ұстанған адамдар қатерлі ісіктен де, диабет пен жүрек ауруларынан да ада болады.
Ендеше мамандар ұсынып жүрген 8 тиімді әдіске тоқталайық.
Дәрігерге, медтексеріске көбірек барыңыз. Бір жеріңіз ауыра ма, жоқ па – қарамыз. Қатерлі ісікті барынша ерте анықтасақ, соғұрлым жақсы. Тез және толық жазылып кетуге болады.
Салмаққа қараңыз. Артық салмақ – кез келген аурудың қоздырушысы. Салмаққа мән беріңіз сондықтан.
Көп қимылдаңыз. Отырып қалуға болмайды, барынша көбірек қимылдаңыз. Күніне кем дегенде 30 минут белсенді физикалық қимыл-қозғалысқа арнаңыз: жүру, жүгіру, велосипед тебу, тағы басқа.
Темекі шекпеңіз. Шегіп жүрсеңіз, тастаңыз.
Жеміс-жидек, көкөніс жеуге тырысыңыз. Барынша жас, балғын жеміс жеуге тырысу қажет. Әр аста. Қияр, қызанақ, орамжапырақ, жидектер...
Күннің астында көп қалуға болмайды. Күннің ультракүлгін сәулесі адам ағзасы көп дозада өтіп кетсе, терінің қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін.
Ішімдік ішпеңіз. Ең дұрысы – мүлде бас тартқаныңыз. Ішімдіктің азды-көпті пайдасы жоқ.
Таза ауада жүріңіз. Әсіресе, өндіріс орындары мен лас қалада тұратын адамдарға арналады.
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері қандай – онкологтың ескертуі