Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері оның шыққан жеріне байланысты әртүрлі болады. Бірақ көбінесе бас ауру, жүрек айну, жай-күйдің нашарлауы сынды бәріне ортақ белгілері бар. Әсіресе, бас ауруы таңертең қатты қозуы мүмкін.
"Сосын тағы бір белгісі мынада. Еңкейген кезде, бас солқылдап қоя берсе – бұл да қатерлі ісіктің анық белгілерінің бірі. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, тексерістен өту қажет", - дейді Британияның Macmillan Cancer Support ұйымының мамандары.
Ал тағы бір британ ұйымы Cancer Research UK мамандарының айтуынша, өкпе обырының алғашқы анық белгілерінің бірі – үш не одан да көп аптаға созылған жөтел болуы мүмкін. Әрине, өкпе қатерлі ісігі еш білінбейтін, белгілері онша байқала қоймайтын ауру. Бірақ өте келе, ауру асқына бастағанда жөтел күйінде белгілері пайда болуы ықтимал.
"Жөтелді емдеп жазғаннан кейін де инфекция қайта пайда болып, жөтел тағы тиеді", - деп түсіндіреді олар.
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері қандай – онкологтың ескертуі