Ғалымдардың айтуынша, күнделікті қажетті мөлшерде қабылданатын кейбір тағам түрлері адамды қатерлі ісіктен сақтай алады. Олар мыналар екен:
Шоколад
Неден қорғайды: Меланома немесе тері қатерлі ісігінен.
Құрамындағы дәрілік қасиет: Флавоноидтар.
Қанша қажет: Күніне 3 тілімі немесе 1 стақан какао.
Ескерту: Шоколадтың қарасын таңдау керек.
Қызанақ
Неден қорғайды: Асқазан және ас жолдарының обырынан.
Құрамындағы дәрілік қасиет: ликопин.
Қанша қажет: Күніне 3 данасы немесе біс стақан томат шырыны.
Ескерту: Қызанақтың пайдасы температуралық өңделгеннен кейін күшейе түседі.
Кофе
Неден қорғайды: Жатыр обырынан.
Құрамындағы дәрілік қасиет: Кофеин.
Қанша қажет: Күніне екі кішкентай стақан эспрессо немесе бір капучино.
Ескерту: Кофе жайлы зерттеулер әлі жалғасуда.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.kz