Швейцария ғалымдарының бір тобы мең іспетті тату ойлап тапты. Ол қатерлі ісікті ерте анықтауға көмектеседі. Зерттеу нәтижелері Science Translational Medicine журналына жарияланды. Мақала авторлары онкологиялық аурудың басталуын адам қанындағы кальций деңгейін қадағалай отырып анықтауға болатынын дәлелдеген. Біз жоғарыда айтып өткен мең іспетті татуды негізге ала отырып ойлап тапқан. Яғни, кальций көбейсе, мең қараяды. Бұл қатерлі ісіктің алғашқы белгісі. Алғаш рет тәжірибе тышқандарға жасалған және оның негізсіз емес екеніне көз жеткізген. Ғалымдар мұндай тату болашақта адамдарға денсаулық жағдайын өздігінен қадағалап, кез келген өзгеріс салдарын алдын алуға көмектесетініне сенеді. Бір қызығы, денеге салынған таңба тек 1 жылға ғана жарайды. Уақыты өткен соң қайта салдыруды қажет етеді.