Қатерлі ісікті барынша ерте анықтаса, соғұрлым жақсы. Ауруды ерте тапса, жазылу соғұрлым оңай. Ендеше кез келген белгі мен өзгеріске мән берген жөн.
Мамандар таңертең ұйқыдан тұрғыдан сәтте мынадай белгілердің бірі болса, онда сескенуге себеп бар дейді.
Біріншісі – шаршап ояну, әлсіздік. Қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың көбі таңертең ұйқыдан оянғанда шаршап оянатынын, әлсіздік жайлап, мең-зеңі шығып, маза болмайтынын айтады. Шаршаудың түрі де әртүрлі. Бірақ қатерлі ісік болса, онда шаршау мүлде басқа, ауыр келеді.
Себебі рак жасушалары адам ағзасында қоректік, нәрлі заттың бәрін түнімен жалмап қояды. Ағзаның өзге жасушалары мен мүшелеріне қуат нәрі жетпей қалады. Қор таусылғасың, шаршау болады.
Екінші және үшінші белгі – жүрек айнып құсу, лоқсу. Ми қатерлі ісігі, бауыр мен асқазан және ішек қатерлі ісігінде көп болатын жағдай. Обырға шалдыққан 10 адамның 7-еуі жүрек айнып құсқанын айтқан. Сондықтан бұл көп таралған белгілерінің бірі саналады.
Қатерлі ісіктің жасушалары "жеген қалдықтың" бәрін қанға жібере береді де, улы заттардың кесірінен адам ағзасында лоқсу, құсу сынды жауап қайтару реакциялары туындайды. Ми обыры болса, онда ми жұмысында ақау шығып, адамның аяқасты құсқысы келетіні содан. Адам миында екі жерде жүрек айну мен құсуға жауап беретін орталықтар бар. Осының жұмысы бұзылса, лоқсу мен құсуға жеріктік пайда болады. Мұны осылай түсіндіруге болады.
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері қандай – онкологтың ескертуі