Каркаде – дәстүрлі мысырлық сусын. Каркаде шайының пайдасы мол, ал дәмі мен түсі "перғауындар сусыны" деп аталуының себебі болды. Оның денсаулыққа пайдасы жайлы, каркаде шайын қалай дұрыс демдеу керектігі туралы біліп жүріңіздер.
Каркаде шайы судан раушанының күлтелерінен әзірленеді. Гибискус сабдарифа аталатын өсімдік шөлді керемет басып, түрлі аурулардың алдын ала алады.
Мысырдың байырғы тұрғындары да, заманауи медицина да каркаде шайының көптеген денсаулыққа пайдалы қасиеттерін көрсетеді:
– Каркаде ағзаны түрлі қоқыстардан, улы заттардан тазартып, өт қабы мен бауырдың жұмысын жақсартады.
– Каркаде гүлдерінің күлтелерінде пектин атты ағзаны белсенді түрде тазартуға көмектесетін зат бар.
– Бұл шайда С дәрумені өте көп, ол қандағы холестериннің шамасын азайтып, жалпы иммунитетке пайдалы болып табылады.
– Каркаде көптеген биологиялық белсенді заттарға бай. Олардың қатарында лавоноидтар, антоциандар, полисахаридті, пектинді заттар бар.
– Гибискус өсімдігінің жапырақтары антибактериалды қасиеттерге ие, сондықтан оларды ларингит, бронхит, трахеит ауруларын емдегенде жиі қолданады.
– Каркаде шайы жалпы ағзаның саулығын жақсартып, қан айналымын дұрыстап, шаршағанды басады.
Назар аударыңыздар!
Каркаде қышқыл сусын болғандықтан, асқазанның қышқылдық шамасын жоғарылатады. Гастрит ауруына шалдыққан, асқазанының қышқылдық көрсеткіші жоғары, асқазанында жаралар бар адамдар каркаде шайын ішпеген жөн.
Каркаде шайын қалай демдейді?
Ыстық каркаде шайын дайындау үшін, күлтелерге қайнаған ыстық су құйып, 3-7 минутқа қалдырыңыз. Шайға қалауыңыз бойынша қайнаған су қосып, қою не сұйық жасауға болады.
Каркаде күлтелерін суық суға салып, 3-5 минут қайнатуға болады. Бұлай демделген шай қоюырақ шығады.
Суық каркаде сусынын қаласаңыз, дайын шайға бірнеше мұз кесегін қосыңыз. Немесе ыстық каркаде ыстық шайын суытып, сусын ретінде іше аласыз.
Суық сусынды істеудің тағы да бір жолы бар. Каркаде күлтелерін суық суға салып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең шөлді керемет басатын сусын дайын болады. Каркаде шайына ерекше дәм бергіңіз келсе, оған қалауыңызша бал, лимон, даршын, жеміс-жидек кесектерін қосыңыз.