Кейде адамдар ұйықтап жатып оянбай өмірден өтеді. Оған жасына байланысты кәрілік себеп болса, кейде қауіпті аурулардан болады.
Біздің ұйқымыз таңғажайып процесс. Адам ұйықтап жатқанда шындықтан ажырап қалғандай, ештеңе көрмейді, естімейді, 7-8 сағат бір сәтте зымырап өтеді. Ал, миымыз осы уақытта қатты жұмыс істейді, ол бір күн ішінде алған барлық ақпаратты үлкен жылдамдықпен өңдейді.
Ұйықтап жатқанда келетін өлім мүлдем басқа себептермен және кез келген жаста болуы мүмкін. Дегенмен, бұл қауіпті арттыратын бірқатар аурулар мен факторлар бар, дейді кардиолог Андрей Кондрахин.
Адамның ұйқыда өлуінің ең көп тараған себептерінің бірі – жүрек соғысының бұзылуы.
Екінші себеп – тромбоз. Қан ұйып тамырды бітеп тастайды.
«Сонымен қатар, гастроэзофагеальды рефлюкс ұйқыдағы өлімнің себептерінің бірі болуы мүмкін. Сондай-ақ, адам ұйықтап жатып инсульт алуы мүмкін. Ол кезде оянбай қаламыз», - дейді дәрігер.
Бесінші себеп – апноэ, яғни ұйқы кезінде тыныстың қысқа мерзімге тоқтатап қалуы.
«Ұйқыдағы апноэға байланысты өлім кенеттен орын алады. Адам тыныс ала алмай қалады», - деп түсіндірді кардиолог.
Түнде өлімге әкелетін басқа да себептер бар, деп ескертті дәрігер:
• этил спиртінен улану;
• психостимуляторлардан улану;
• ұйықтататын таблетканың артық дозалануы.
Кейбір адамдар ұйықтап жатқанда келетін өлім қарттарға тән деп есептейді. Шындығында, жас соншалықты маңызды емес. Жүрек соғынан болатын өлім барлығына тән. Жастарда бұл генетикалық бейімділікке байланысты болуы мүмкін.
Өзіңізді қорғау үшін Андрей Кондрахин қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:
• жыл сайынғы медициналық тексеруден өту;
• кез келген жарақаттар мен отадан кейін дәрігердің айтқанын орындау;
• салауатты өмір салтын ұстану.