- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кардиолог алкогольдің жүрек...
Кардиолог алкогольдің жүрек пен қан тамырларына әсер ететін белгілерін атады
Жаңа жыл мерекесі кезінде адамдар күйік, жарақат, ас қорыту жүйесінің ақауларымен дәрігерлерге жиі жүгінеді. Бірақ бұлардың жүрек ауруына қатысы жоқ. Кардиолог Анна Кореневич телеграм каналында жүрек ауруының негізгі белгілерін атады.
"Артық тамақтану бірнеше күнде жүрек пен қан тамырларына қатты зақым келтіруі мүмкін емес. Бұл жерде ас қорыту жолдары қатты күйзеліске ұшырайды. Бұл жағдайда дәмді және мол тамақтан кейін іштегі ауырлықты жеңілдету үшін ұйқы безінің ферменттеріне негізделген препараттарды қабылдауға болады. Бірақ жүрек пен қан тамырларына тек алкоголь қатты әсер етуі мүмкін", - деп ескертеді кардиолог Анна Кореневич.
Дәрігердің айтуынша, қандай алкогольдік сусындарды ішкеніңіз маңызды емес екен.
Алкогольдің жүрек пен қан тамырларына әсер ететін белгілері:
• қысымның күрт артуы;
• жүрек соғысы;
• ұйқының бұзылуы;
• уайым;
• мазасыздық.
"Мәселе мынада, бауырдағы алкоголь сірке альдегидіне айналады. Бұл ағзаны улайды. Сондықтан адам әдетте келесі күні бауыр алкогольді сірке альдегидіне айналдырған кезде өзін нашар сезінеді", - дейді Анна Кореневич.
Жүрекке және қан тамырларына көмектесу үшін мұндай кезде не істеу керек:
• көп сұйықтық – қарапайым су немесе шөп шайын ішіңіз;
• белсендірілген көмір немесе кез келген басқа сорбент ішіңіз;
• еритін аспирин таблеткасын ішіңіз;
• жүрек соғу жиілігі минутына 90-нан жоғары және жүрек ырғағын қалпына келтіру үшін дәрігер тағайындаған дәрілерді ішу керек.
"Көптеген ер адам өлімге әкелетін қателік жасайды және демалыстан кейін бірден спортзалға барады. Бұл өте қауіпті! Қазіргі уақытта денеге артық күш салуға болмайды. Дәл мұндай уақытта демалу керек", дейді кардиолог Анна Кореневич.
Дәрігер мереке күндері ішімдік ішкеннен кейін мұндай белгілер пайда болса, жедел жәрдем шақыру керегін ескертеді.
А. Оралқызы