Қарбыз – A, C, E, B дәрумендеріне, магний, калий, кальций, фосфор, темір және натрий элементтеріне бай өнім. Бүгін біз қарбыздың пайдасы, зияны туралы айтып, оны қалай таңдау керектігі жөнінде бірқатар мәлімет береміз.
Бауыржан Бабажанұлы. Қарбыз ұрлау хикаясы
Қарбыздың пайдасы
• Қарбыз шырыны бүйрек пен бауырды токсиндерден тазартады. Денедегі холестерин мөлшерін азайтады.
• Оның фолий қышқылы тері мен шашқа пайдалы. Ас қорыту жүйесін жақсартады, ағзадағы зат алмасуды реттейді.
• Қартаю процесін баяулатады, қатерлі ісіктің алдын алады.
• 100 грамм өнім ағзаның магнийге деген қажеттілігін 60% -ға қанағаттандырады. Бұл басқа заттардың сіңуін жеделтетеді.
• Стресстен қорғайды, бақыт гормондарының өндірісін көбейтеді.
• Көруді жақсартады, иммунитетті күшейтеді.
• Қарбыз аштықты басады, артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Қашан және қалай тұтыну керек?
Қарбызды тамақтан соң бірден жемеу керек. Себебі, тамақтан кейін бірден жеу ішектің бұзылуына алып келеді.
Қарбыздың өзегі мен қабығы микробтардың көбеюі үшін жақсы орта, сондықтан оны кесілген күйде ұзақ уақыт сақтауға және кесілген қарбыз сатып алуға болмайды.
Ерте көктемде немесе жаз маусымын басында қарбызды сақтықпен сатып алу керек. Өйткені оны жасанды жолмен өсіргендіктен, қарбыз азот тыңайтқыштарымен қанығады. Ағзаға енген кезде олар нитриттерге айналады да жүрек қан-тамыр ауру мен тыныс алу және зәр шығару жолдарының проблемаларын тудырады.
Кімдерге жеуге болмайды?
Зәр шығару жолдарының аурулары бар (зәр шығару немесе бүйрек тасы барлар), диарея, ұйқы безі проблемалары бар адамдар қарбызды абайлап жеу керек.
Қант диабетімен ауыратындар қарбызды тұтыну нормасын есте ұстаған жөн. Қарбыз қысқа уақыт ішінде қандағы глюкоза деңгейін көтереді.
Қарбызды екі жасқа толмаған балаларға беру ұсынылмайды – бұл оларда аллергия тудыруы мүмкін. 2-3 жастағы балалардың күнде жейтін қарбызының мөлшері 80-100 грамнан аспауы керек, 3-6 жастағы балалар үшін – 150 грамм.
Қарбызды тұтыну жүкті әйелдер үшін де пайдалы. Ондағы V9 дәрумені баланың жүйке жүйесін қалыптастыруға оң әсер етеді. Емізу кезінде қалыпты мөлшерде тұтынылатын қарбыз, ананың сүтін арттырады. Бірақ шамадан тыс тұтыну балада диарея тудыратынын есте ұстаған жөн.
Қарбызды таңертең немесе басқа тағамдардан бөлек жеген пайдалы.
Қарбызды қалай таңдаймыз?
• Зақымдалған, жарылған немесе әдейі кесілген қарбыз сатып алмаңыз. Жоғарыда айтылғандай, бұл микробтардың көбеюі үшін қолайлы орта.
• Жақсы піскен қарбыздың сабағы құрғақ, бүйірінде ашық-сары дақ және жолақтарының түсі қанық болады.
• Қарбыз қабығына тырнақты аздап батырып көріңіз. Егер тырнағыңыз кіріп кетсе, қарбыз әлі піспеген. Сонымен қатар, қабықты ысқылаған кезде иіс болмаса, бұл піскен қарбыз, егер одан шөртің исі шықса әлі піспегенін білдіреді.
• Піскен қарбыздың қабығын ұрғанда таза, ашық дыбыс естіледі.
Табиғи жағдайда қарбыздың қаншалықты өсетіндігін өзектен білуге болады. Өнімнің өзегін суға батырып көріңіз, егер су қызғылт немесе ашық қызылға айналса, бұл оның жасанды жолмен жетілдірілгенін білдіреді. Таза қарбыздың бөлігі суда тұрғанда, судың түсі өзгермейді.
• Сондай-ақ, табиғи өсірілген қарбыздың сабағы ақ болады.
• Қарбыздың мөлшеріне келетін болсақ, орташа мөлшері 5-7 кг өнімді таңдаған жөн.