- Негізгі бет
- Денсаулық
- Карантин кезінде мүлтіксіз...
Карантин кезінде мүлтіксіз сақтау керек шарттар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен күресу жолында мүлтіксіз сақтау керек шарттарды атады.
– Денсаулық сақтау жүйесі қауіп тобындағы адамдарды анықтау, оқшаулап, тест алуы керек;
– Қарттар үйлерінде, психикалық ауруларға арналған мекемелерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда вирустың таралу қаупін барынша азайту қажет;
– Жұмыс орындарында вирустың алдын алу үшін жағдай жасау, айналадағы адамдардан өзін алыс ұстау, қол жуу және басқа да гигиена шараларын сақтау қажет;
– Барлық елдерге, әсіресе, шектеулерді алып тастап, коронавируспен күрестің жаңа кезеңіне өтіп жатқан мемлекеттердің тәжірибесіне қарау ұсынылады.
Дәл қазір әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандардың саны 2 миллион 300 мыңнан асып жығылды. Оның 161 мыңы қайтыс болса, шамамен 600 мыңға жуығы жазылған. Еуропада Германия, Италия, Испания, Франция және Швейцарияда коронавирус анықталу жағдайларының төмендеуіне қарамастан, Беларусь, Ұлыбритания, Ресей, Түркия және Украинада тез таралып жатыр.
А. Рысдәулет