Қара зере өсімдігі туралы білесіз бе?
Қара зере (черный тмин) – ерекше емдік қасиеті бар өсімдік. Сондықтан назарларыңызға оның емдік қасиеті мен денсаулыққа пайдасы туралы мәлімет ұсынамыз.
Қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады.
Қара зере майының төмендегідей пайдасы бар:
- Қандағы холестеринді азайтады;
- Ағзаны улы заттардан тазартады;
- Иммунитет жүйесін күшейтеді;
- Инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;
- Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;
- Бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;
- Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) да ем болады;
- Тері ауруларына (қотыр, қышыма, бөртпе) пайдалы;
- Өт пен бүйректегі тасты ұсақтатады;
- Несеп жолдарын тазалайды;
- Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;
- Сүйелді кетіреді;
- Жөтел мен сарыауруды емдеуге де өте пайдалы;
- Семіздіктен арылуға көмектеседі;
- Тәбетті арттырады.
Қара зере сусабыны. Шаштың өсуін тездетеді. Сонымен қатар оны қалыңдатады, үнемі жылтырап жүруіне әсер етеді.
Қара зере сабыны. Тері ауруларын емдеуде көп қолданылады. Сонымен қатар, бетіңіздегі түрлі безеулерді, қара дақтарды кетіруге көмектеседі және уақыт өте келе теріңіздің өз табиғи түсін қалпына келтіруге септігін тигізеді.
Қара зере шайы. Іш кебу, іш өту және өт шаншуы сияқты ауруларға таптырмас ем.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: veggy.by, looktips.ru
Г. Бакытбекова