Қаны бірінші топқа жататын адамдардың жарақаттан өліп кету қаупі өзге қан тобындағыларға қарағанда үш есе жоғары. Мұндай болжамды 901 науқастың мәліметін талдаған Токиодағы Медицина және стоматология университетінің ғалымдары жасады. Ғалымдар қаны бірінші топқа жататын адамдардың өлуі және жарақаттан қайта айығу мерзімінің ұзаруы өзге қан тобындағыларға қарағанда 28% жоғары екенін анықтады. Басқа қан тобындағыларда бұл көрсеткіш 11%. Дәрігер Ватару Такаяманың айтуынша, өлім қаупінің жоғары және алған жарақаттан сауығуға қатысты тақырыпта жазылған еңбектер аз. Осы уақытқа дейін ғалымдар қанның дұрыс ұйымауына байланысты бірінші қан тобындағылардың жарақат алғанда көп қан жоғалтатынын анықтаған еді. Бұл осы қан құрамында Виллебранд фонының аздығымен байланысты. Зерттеу жұмысы шұғыл түрде бірінші қан тобындағы эритроциттерді ауыр жарақаты бар адамдарға құю гомеостазға қаншалықты әсер ететінін және басқа қан топтарынан қандай айырмашылқтары бар екені туралы мәселені көтереді. Гомеостаз кезінде қан ағуы тоқтайды, дейді Такаяма. Сонымен қатар, ол бұл салада әрі қарай зерттеу жұмыстарының қажет екенін атап өтті. baq.kz