- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қанттың ерекше қолданысы...
Қанттың ерекше қолданысы
Қант біздің түсінігімізде денсаулығымыз бен сырт келбетімізге жағымсыз әсер ететін тәтті қоспа. Алайда оның ерекше қолданылуы кейбір жағдайларда пайдалы болуы мүмкін.
Ғалымдардың жүргізген сараптамаларының нәтижесі таң қалдырмай қоймайды. Қант ауыр ауруларды қоздыратын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретін бактерияларды залалсыздандыра алады екен. Бактерияларға дамып көбейуі үшін ылғал қажет, ал қант артық ылғалды өзіне жұтып алады.
Ащы тамақтан кейін ауызға салынған бір кесек қант ащы дәмді оңайлықпен баса алады.
Қант қосылған дене терісіне арналған скрабтар баяғыдан-ақ танымал. Ондай скрабты өзіңіз де жасап алсаңыз болады. Оны зәйтүн майы мен кез келген эфир майының бірнеше тамшысымен араластырып қолдана беріңіз. Теріңіз таза, нәзік бола қалады.
Міне қызық: егер далап жағылған ерінге құмшекер сеуіп, бірнеше секундтан кейін жалап жіберсеңіз, далап әлдеқайда ұзақ сақталады.
Қантты дақ кетіргіш ретінде де қолданады. Ол шөптің ізінен қалған, және т.б. дақтарды оңайлықпен кетіреді. Суланған даққа қантты сеуіп, бірнеше сағатқа қойып қойыңыз.
Кофе ұсатқыш, блендер, ет тартқыштағы қалған жағымсыз иістерді (сарымсақ, кофе, т.б.) қант кетіре алады.
Қант тіліңіз ыстық шай не кофеге күйіп қалғанда көмекке келеді. Қант салынған қасықты тіліңізге қойсаңыз, ауырғаны сол сәтте қояды.
Ерініңізге далап дұрыс жағылмай ма? Ерініңізге зәйтүн майы мен қантты араластырып жағыңыз. 30 секундтан кейін оны сүртіп тастап, далапты жаға беріңіз.
Қант сыйланған гүлдердің ғұмырын ұзарта алады. Гүл тұрған суға 3 ас қасық қант, 2 қасық сірке суын қосыңыз. Қант гүлдің бұтағын сақтаса, сірке суы оны бактериялардан қорғайды.
Ал сіз қантты тек шайға ғана қосасыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: quorum.kz
С. А