Біз қантты көп жейміз. Бірақ ол денсаулыққа өте зиянды. Ал одан қалай бас тартуға болады?
● Қант көп тамақтың құрамында болады. Бірақ барлығының заттаңбасында жазылып тұрмайды. Қант мысалға глюкоза, сахароза, фруктоза, жүгері тұнбасы, бал, декстроза болуы мүмкін.
● Үйде тамақтаныңыз. Егер сіз үнемі қоғамдық орындарда тамақтансаңыз қанттан бас тарта алмайсыз. Себебі ол жерлерде тамақтың дәмі жақсы болуы үшін үнемі қант қосады.
● Өз күшіңізге сеніңіз. Қанттан бас тарта алатыныңызға, тамақты мөлшермен жей алатыныңызға сеніңіз.
● Газды сусындардан бас тартыңыз. Бір бөтелке газдалған сусында бір тәулікке ұсынылатын қант мөлшерінен көп қант бар. Сонда қанша қантты ішіп жатқаныңызды есептеп көріңіз. Оның орнына таза су ішуге дағдыланыңыз.
● Бас тарту емес азайту. Егер қанттан толықтай бас тарта алмасаңыз, мөлшерін азайтыңыз. Қантты азайту арқылы көптеген адамдар артық салмақтан құтылған.
● Жасұнықты көбірек тұтыныңыз. Күніне 40 г жасұнық тұтынуға тырысыңыз. Егер жасұнық пен қант қатынасын 2:1 мөлшерінде сақтай алсаңыз жақсы болғаны. Жасұнық тоқтық сезімін береді.
● Қантсыз таңғы ас. Таңғы асқа жұмыртқа, сүт, жеміс-жидек жейтін болсаңыз қанттың түк қажеті болмай қалады. Мәселе тек әдет пен, дағдыда ғана.
● Тамақ ішуді жоспарлау. Егер сіз өзіңіздің тамақ ішу режиміңізді жоспарлай алмасаңыз жағдайыңыз қиын болмақ.
● Мақсат қойыңыз. Мысал үшін 10 күн қантсыз тамақтану. Және соған қол жеткізуге тырысыңыз.
Дереккөз: reactor.inform.kz