Қант диабетінің қатері. Ғалымдар таңғы аста ішу қажет бес түрлі тағамды атады

Қант диабетінің қатері. Ғалымдар таңғы аста ішу қажет бес түрлі тағамды атады
Фото: Көрнекі сурет

Қант диабеті кезінде диета режимін сақтау аса маңызды. Дегенмен таңғы ас ішу жүйелілігін үзбей, асқазан-ішек жолдарын шамадан тыс жүктемеу керек. Мамандар қант құрамының қалыптылығын сақтайтын тағамдық рацион орнату үшін таңғы асқа қандай тағамдер жеу керектігін айтты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі материалда тарқатады. 

Сарапшылардың айтуынша, таңғы ас үшін төмендегі бес тағам түрі таптырмас дүние:

1. Сұлы жармасы. Тым үйреншікті тағам болып естілгенімен, оны таңдай білу де өнер. Кем дегенде 20 минутта пісетін сұлы жармасын сатып алыңыз. Тек осы түрінде дәрумендер құрамы көбірек және дәмді болып келеді.  

2. Тұтас бидай ұнынан пісірілген нан. Үстіне ірімшік, қайнатылған тауықтың төс еті, авокадо немесе пісірілген жұмыртқа салуға болады. Бұл нан пайдалы, ұзақ қорытылады және қандағы қанттың жоғарылауын тудырмайды.

3. Майлы балық. Шұжық пен беконды алмастыратын таптырмас тағам түрі. Балық жүрек пен қан тамырлардың жұмысына көмектеседі, теріні әдемі етеді және жалпы әл-ауқатты жақсартады.

4. Тәтті қаймақ пен қою тосаптың орнына банандар. Егер сіз тәтті сэндвичтерді ұнатсаңыз, онда бұл балама тағам түрі сізге арналған. Бананды шанышқымен жай ғана езіп, дайын массаны қуырылған немесе жаңа піскен нанға жағып жеуге болады. Бұл басқа да бір соустармен және тәтті тосаптармен салыстырғанда анағұрлым пайдалырақ. 

5. Шырынның орнына жаңа піскен жемістер. Таңғы асқа бір стақан апельсин шырынын өз қолыңызбен дайындаған болсаңыз, ішуге болады. Ал басқа жағдайда бұл қандағы қант құрамына кері әсер етеді. Сондықтан дүкеннен сатып алатын жеміс шырындарын жаңа піскен жеміске алмастырғаныңыз абзал. Алма, апельсин, алмұрт – мұның бәрін негізгі тағамнан кейін десерт ретінде жеуге болады. Құрамы тап-таза, ешқандай зияны жоқ. 

Д. Литпин