Қанда қант көбеюі жақсы емес. Егер дер кезінде реттеп, мөлшерін азайтпаса, уақыт өте келе адам қант диабетіне шалдығуы мүмкін. Әсіресе қант диабетінің 2-түрі аса ауыр.
Диабет – білдірмей жүріп, бір күнде ушығатын ауру. Сондықтан диабетке шалдыққан адамның өзі жылдар бойы оны білмей жүруі мүмкін. Бірақ диабеттің пайда болғанын білдіретін бір белгі бар: ол – қанда қант мөлшерінің көбеюі.
Ал қанда қанттың көбейіп кеткенін білдіретін сыртқы белгілер бар. Бұл белгілерді Diabetes UK ұйымының медиктері Exprerss басылымына берген сұхбатында айтқан екен.
Дәрігерлердің айтуынша, қант көбейгенінің айқын белгісі – аяқтың жиі ұюы немесе нейропатия, жүйке жүйесінің зақымдануы. Қанда қант көбейген кезде қан айналымы да нашарлайды.
Мұның үш белгісі бар:
- табанда жара көбейеді, жараның жазылуы да баяу жүреді;
- аяқ пен табанда сыздау, ауырсыну мен тырысу сынды белгілер пайда болады;
- аяқтың табаны ұйығандай әсер жиілейді.
Мамандардың айтуынша, бұл белгілерді елемей қоюға болмайды. Терапевке барып қаралған абзал.
Оқи отырыңыз: Қол-аяқ жиі ұйыса қауіпті ме?