АҚШ ғалымдарының 30 жыл бақылаған арнайы зерттеу жұмысына 50 мыңнан астам әйел мен 41 мыңға жуық ер адамды қатысты. Зерттеуде қатысушылардың қандай тағам тұтынатыны және қайдан тамақтанатыны басты назарда болды.
Зерттеу нәтижесі үйде жасалған тағаммен тамақтанатындар 2-ші деңгейдегі қант диабеті өршуін 13 пайызға төмендететіні көрінді. Оған қоса, үйде дайындалған асты пайдаланатындар тәтті, газдалған сусынды өзгелерден азырақ ішетін болып шықты.
Осыған дейін бірқатар зерттеу жұмыстарда құрамында қанты көп газдалған сусындарды пайдалану – артық салмақ, жүрек-қан тамыр аурулары, обырдың кей түрі мен 2-ші деңгейлі қант диабетіне тікелей әсер ететіні анықталған.
Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, қант диабеті қаупін азайту үшін адамдар үйде тамақтанып, газдалған, тәтті сусындардан мүмкіндігінше бас тартуы тиіс.
Дереккөз: nur.kz