Қант диабетімен күресуге көмектесетін тағамдар

Егер қан құрамындағы қант деңгейінің мөлшері көп болса, тамақтану тәртібінде мына тағамдарды үнемі тұтынып отыруыңыз керек. Бұл өнімдер қант деңгейін қалыпқа келтіріп, сауығуға көмектеседі.

Адам өзін жақсы сезінуі үшін жарты жылда бір рет қан құрамындағы қант деңгейін тексеріп, қалыпты жағдайда екеніне көз жеткізіп отыруы тиіс. Егер физикалық қозғалыс аз болса, күнделікті тамақтану тәртібі дұрыс болмаса немесе генге байланысты қант диабеті белгісі білінуі мүмкін.

Қант деңгейі көтерілмеуі үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау жеткілікті: тәтті және тұзды тағамдарды азырақ жеу, уақытылы спортпен шұғылдану, құрамында көмірсуы көп тағамдарды шектеу, дене салмағын қалыпта ұстау.

Сұлы ботқасы
Басқа жармаларға қарағанда сұлы жармасының ботқасы қандағы қант құрамын қалыпқа тез түсіреді. Күн сайын осы жарманы жеп отырсаңыз, қант диабетін емдеудің таптырмас тәсілі осы. Құрамында ерігіш жасұнықтар көп болғандықтан, ағзадағы қант құрамын қалыпқа келтіреді.

Жаңғақтар
Жержаңғақ, фундук, бадам, грек жаңғағы, кешью жаңғақтары да мәселені шешуге көмектеседі. Олардың құрамында қантты сіңіру процесін баяулататын ақуыз, май, жасұнық бар. Алайда жаңғақты жегенде мөлшері 50 грамнан аспауын қадалаған жөн. Әйтпесе артық салмақ көбейіп, қант диабетін үдетуі де ықтимал.

Даршын
Бұл хош иісті дәмдеуіш қант деңгейін қалыпқа түсіруге жақсы көмектеседі. Ботқа әзірлегенде, йогуртқа, морс жасағанда, тұздықтарға міндетті түрде даршын (корица) қосып отырсаңыз, қант диабеті туралы ойламауға да болады. Оның құрамындағы полифенол, жасұнық, магний қандағы глюкозаны азайтуға көмектеседі. Күніне жарты шай қасық даршын тұтынсаңыз, қанттың жоғары деңгейінен қорғайды.

Авокадо
Авокадо құрамындағы ерігіш жасұнық, қаныққан май, ақуыз, калий, темір, магний, фолий қышқылы қандағы қантпен күресіп қана қоймай, иммунитетті көтеріп, ағзаны аурудан сақтайды.

Тәтті қызыл бұрыш
Бұл өнім калориясы төмен болғандықтан ағзаны антиоксидант және С дәруменіне қанықтырады. Қызыл болгар бұрышы қант деңгейін азайтып, қабынудан, түрлі зиянды ифенция түсінен сақтайды.

Тары
Бұл астық өнімінің құрамында қант жоқ, жасұнық көп. Күніне үш рет тары тұтынып отырсаңыз, қант диабетін төмендетуге 20-30 пайыз үлесін қосады.

Балық
Қызыл балықтар майлы келеді, қант диабеті кезінде ақ балық түрлерін қолданған абзал. Аптасына 2 рет балық жеуді әдетке айналдырсаңыз, қант деңгейін тез түсіреді. Зерттеушілер балықтан жасалған тағамдар қант диабетімен күресуге 25 пайыз пайдалы екенін дәлелдеген. Майлы тағамдарға әуес болмай, буды на пеште піскен балық жесеңіз пайдасын көресіз.

Бұршақ
Асбұршақ, жысымық (чечевица), лобия (фасоль) – қант диабетін түбегейлі жоятын бірден бір тағамдар. Құрамындағы ақуыз ағзаға қант сіңуін баяулатады. Бұршақ тұқымдас тағамдармен уақытылы тамақтану қант диабеті күшеюін 47 пайызға азайтады.

Құлпынай
Құлпынай – антиоксиданттың, жасұнық, С дәруменінің қайнар көзі. Бұл қызыл жидек диабеттің өршуін тоқтатып, қандағы қант деңгейін төмендетеді. Басқа емес, құлпынайдың өз жеріңізде өскен, мезгілдік түрі ғана көмектесе алады.

Сарымсақ
Тамақтануда сарымсақты жиі қолдансаңыз, ұйқы безінің жұмысын жақсартып, инсулин көптеп бөлінуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сарымсақ құрамында бүкіл ағзаның жұмысын жаңартып отыратын антиоксидант көп.