Ерік-жігер, күш-қуат, сана-сезім тәрізді құндылықтар адам өмірінде өте маңызды екенін бәріміз жақсы білеміз. Қандай жағдайда көп күш жұмсап, қай кезде күш-қуатымызды арттыра алатынымыз туралы әңгімелегіміз келіп отыр.
Сонымен, біз қандай жағдайда көп күш жұмсаймыз:
«жоқ» деп жауап беретін кезде «иә» дегенде;
жылайтын жерде күлгенде;
демалмағанда;
өзімізге қатысы жоқ нәрселермен айналысқанда;
түкке тұрғысыз нәрсеге ренжігенде;
жанымыз қаламайтын жұмыс істегенде;
қорыққанда;
өсек айтқанда;
өз-өзімізді іштей жегідей жегенде;
саясат туралы сөз қозғағанда;
күтумен уақыт өткізгенде.
Ал енді қай кезде күш-қуатымыз артады:
жаңа адамдармен танысқанда;
жаңа білім алғанда;
саяхаттағанда;
өз үрейімізді жеңе білгенде;
жаңа нәрсені байқап көргенде;
ештеңені ойламай қыдырғанда;
шығармашылықпен айналысқанда;
жақсы адамдармен сөйлескенде;
қашан да қолдау көрсетіп, сенім білдіретін адамдармен араласқанда;
салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданғанда;
үйімізді, бөлмемізді таза ұстағанда;
жоқ дейтін кезде "жоқ" деп, иә дейтін кезде "иә" дегенде;
жанымыз нені қаласа, соны істегенде.