- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қандай иіс көңіл-күйді...
Қандай иіс көңіл-күйді көтереді?
Хош иіспен тыныстау – көңіл-күйді көтерудің бірден-бір жолы. Не себепті қыздар мен жігіттердің иісі әртүрлі болады? Қыздар әдетте лимонның иісін жақсы көреді. Ал жігіттерге беконның иісі тың қуат сыйлайды.
Ғалымдар иістің қыздар мен жігіттердің ағзасына қалай әсер ететінін білу мақсатында зерттеулер жүргізген. Нәтижесінде олар екі бөлек тізім жасап шығарған. Біріншісінде қыздардың көңіл-күйін көтеретін иістер топтастырылса, екіншісінде жігіттерге арналған иістер жазылған екен.
Сонымен, мына иістер қыздарды жағымсыз көңіл-күйден құтқарады:
1. Лимон.
2. Жаңа піскен тамақтың иісі.
3. Таза ақжайманың иісі.
4. Теңіздің иісі.
5. Жаңа жұлынған гүлдердің иісі.
Жігіттердің иіс талғамы басқа:
1. Қуырылған бекон.
2. Жаңа піскен нан.
3. Кофе.
4. Қуырылған картоп.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: life-ok.ru
Н. Айдархан