Көпшілік қандағы қант деңгейін түсіруге гормондар көмектесетінін біледі. Алайда глюкоза деңгейін қалыпта сақтауға көмектесетін табиғи әдістер де бар. Диетологтар диета сақтау және дұрыс өмір сүру салтын ұстану секілді қарапайым шаралардың өзімен қандағы қант деңгейін бақылауда ұстауға болатынын айтады. Сондай-ақ, қандағы қант деңгейін түсіруге көмектесетін әдістер арықтауға және өзіңізді сергек сезінуге ықпал етеді.
Диетаға келетін болсақ, мамандар күнделікті рационға сұлы жармасынан жасалған ботқаны қосуға кеңес береді. Оның құрамындағы жасұнық гликемиялық бақылауға жағымды әсер етеді және қантты тұрақтандырады. Алайда ботқаға тәттілендіргіштер (қант, тосап және бал) қоспау ұсынылады.
Тамақтан соң серуендеу
Диабетпен өмір сүретін адамдар жиі физикалық белсенділіктің маңыздылығы жайлы ескерту алады. Бұл ұсыныс мұндай қауіпті қиындықпен жолықпаған, алайда қант деңгейін уайымдайтын адамдарға да қатысты айтылған. Көптеген зерттеулер оны бұлшықеттердің жұмысы мен қан айналымы төмендете алатынын дәлелдеген. Жаттығу залына баратын уақытыңыз болмаса да, тамақтан соң серуендеп қайтудың өзі пайдалы. Тіпті, қандағы қант деңгейін бақылауда ұстау үшін тамақтан кейінгі қарапайым 15 минуттық серуен күннің басқа уақытындағы 45-минуттық серуенге қарағанда тиімді екені дәлелденген.
Артық су ішу
Күні бойы көп су ішу қандағы қант деңгейінің норма шегінде болуына көмектеседі. Бүйректер қаншалықты көп су қолданса, олар соншалықты артық қантты шаяды.
Уақытында ұйықтау
Барлық мамандар бір ауыздан жақсы түнгі демалыс хал-жағдайды, соның ішінде глюкоза көрсеткішін тұрақтандыратынын айтады. Жеті сағаттан аз ұйқы инсулинге төзімділікті арттырады, сондықтан келесі күні қарныңыз қатты ашып, дұрыс емес тамақтану тәртібіне көшіп, көмірсулары мен қанты көп өнімдер таңдауыңыз мүмкін. Сондай-ақ, ұйқы жетіспеуі глюкоза метаболизмінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Ұйқы әдетін бір күнде өзгерту қиынға соғады, бірақ күнде ұйықтауға бір уақытта жатсаңыз, ол ұзағырақ және өнімді ұйқының болуына ықпал етеді.