Қаназдыққа ұшыраған балаларда терінің және шырышты қабығының бозарыңқылығы байқалады.
Терінің балауыз түстес болатыны да сирек емес. Қан зерттегенде гемоглобин мен эритроциттердің азаюды көрінеді.
Қаназдық ауруымен туғаннан бастап әр жастағы балалар ауырады. Бір жастың екінші жартысында және екі жаста аса жиі байқалады.
Қаназдық балаларда әр түрлі себептермен пайда болады, бірақ аурудың кейбір белгілері тұрақты сақталады. Терінің және шырышты қабығының бозарыңқылығымен қатар балаларда тәбетінің аздығы, жеткіліксіз салмақ, тез шаршаушылық және ауру-сырқаулықтың жоғарылуы байқалады. Қаназдықты балаларда ауру ағымы көп жағдайда енжар, солғын болады. Кейде жүректің қызметін шуы пайда болады.
Алименттер қаназдығы. Қаназдықтың елеулі себептерінің тірі – алиментер қаназдығы – баланың дұрыс емес тамақтануы болып табылады. Ол ұзақ уақыт бойы сүтпен біркелкі тамақтандырудан, қан көбейтуге қажетсе; темірдің қайнар көзі болып табылатын көкөністер мен жемістер, басқа да азық-түліктердің болмауынан пайда болады. Бұл қаназдықтың формасы көбінесе гиповитоминозбен (әсіресе В кешені) және рахитпен бірігіп жүреді.
Жұқпалы және жұқпадан кейінгі қаназдық.
Көбінесе ерте балалық шақта кездеседі. Олар әр асқынған және созылмалы аурудан пайда болуы мүмкін. Әсіресе қаназдықтың бұл формасы ұзақ, созылмалы және қайта ауырған, жағымсыз жағдайда өмір сүретін балаларда жиі кездеседі. Ол ауру балалардың тәбеті нашар болуының салдарынан жеткіліксіз тамақтануымен де байланысады.
Рахит қаназдығы. Ауру біртіндеп дамиды. Бала бозарған, енжер тамақты нашар ішеді. Бауырдың және көк бауырдың үлкейгендігі байқалады. Рахиттің ауыр формасы кезінде гемоглобин санының азаюымен қатар, эритроциттердің де саны азаяды.
Ішек құртты инвазия кезіндегі қаназдық. Асқарнда және острица инвазиясы кезіндегі қаназдық әдетте аса білінбейді. Баланың ішінде власоглав және таспа құрттардың бар болған жағдайда қаназдық қаттырақбайқалады.
Емдеу. Ең алдымен, қаназдық туғызған себепті мүмкіншілігінше жою ықтимал – дұрыс тамақтануды ұйымдастыру – сүттің мөлшерін тәулігіне 500-600 мл-ге дейін шектеу, жасына сәйкес ет, саруыз, сәл піскен үгілген бауыр, жеміс-жидектер, шикі және піскен көкөністер, дәрумен препараттары, қаназдыққа қарсы арнайы ем, ұзақ серуендеу тағайындалады. Ауыр, асқынған жағдайларда балаларды ауруханаға жібереді.
Алдын-алу. Құрамында темір, басқа да минералды тұздары мыс, кобальт, мырыш бар алуан түрлі азық-түлікті қамтитын дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, рахит пен ішек құрт инвазиясы алдын-алу. Гигиеналық күтімді, дұрыс тәртіпті және серуендеуді ұйымдастыру маңызды. Қосымшы қызылша салатын,анар шырынын,жемістерді, малдың бауырын шала қуырып жиі жеу керек.