- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қан тамырының кеңеюін...
Қан тамырының кеңеюін тоқтататын жаттығулар
Күнделікті түрлі жаттығулар жасап тұру қанның қоюланып, зиянды қалдықтардың қан тамырларға жиналып, тұрып қалуынан және аяқ тамырларының қысылып қалуының алдын алып, жүрек қан-тамырларының жұмысын жақсартады. Сондықтан назарларыңызға күн сайын қарапайым, уақытты көп алмайтын, қан тамырлардың кеңеюінің алдын алып, аяқтың сымбаттылығын сақтайтын жаттығу түрін ұсынамыз. Ал бұл жаттығуды жасағанда жатып, жай қимылдармен және дұрыс тыныс алып жасайтындығын есте сақтаған жөн.
• Еденге отырып аяқты ұзынынан созады. Ал қолды еденге тірейді де сол аяқты көтеріп, саусақтарын алға қарай созады. Енді дәл осы жаттығуды оң аяққа жасайды. Жаттығуды 2-3 рет жасаса, аяқтың, әсересе тізе және балтыр бұлшықеттерін қатайтады.
• Тұзу денені тік ұстап тұрып, қолды екі жаққа созады. Сосын оң аяқты көтеріп, сол аяқ ұшына 1-2 секунд тұру қажет. Енді дәл осылай оң аяқпен тұрады. Бұл жаттығуды әр аяққа 2-3 реттен жасайды.
• Еденге жатып аяқты түзу жоғары көтеріп, қайта түсіріп 10 рет жасайды. Сосын аяқты жоғары көтеріп сағат тілімен және қарама-қарсы бағытта 10 рет айналдырады.
• Жатқан қалыпта аяқты орындыққа қойып, оң аяқты шаршағанша барынша жоғары көтеріп тұрып, демалдырып, қайта көтеріп 6-7 рет жасайды.
• Шалқалап жатып аяқты шаршағанша барынша жоғары көтеріп тұрып, демалдырып, қайта көтеріп 6-7 рет жасайды.
• Егер де аяқ тамырлары шығып қана қоймай ауырып, ісіп кететін болса, түнде ұйықтар алдын аяқ астына биік жастық қойып, аяқты көтеріп жатқан дұрыс. Оң пайдасы бар.
• Шалқалап жатып қолды дене бойымен созып, аяқты жоғары көтереді. Енді әр аяқтың табан жіліншілігін оңға және солға қарай айналдырып 5-7 рет жасау керек.
• Жатқан қалыпта тізені бүгіп оңға және солға қарай 10 реттен айналдырады.
• Енді тұрып екі аяқты кезектестіріп тобықты оңға және солға қарай айналдыру қажет. Жаттығуды кемінде 15-20 рет қайталау керек.
• Қайтадан шалқалап жатып қолды дене бойымен созып, тізені кішкене бүгіңкіреп, табанды еденге тірейді. Сосын жоғары және төмен қарай қадам жасап жүріп 5-7 рет жасайды.
• Жатқан қалыпта бірінші оң аяқты бүгіп, көкірекке жеткізеді. Содан кейін сол аяқты бүгіп көкірекке жеткізу керек. Жаттығуды 8 рет жасаған жөн.
• Орындыққа отырып аяқты көтеріп, қайта түсіріп 5-6 рет жасайды.
• Отырған қалыпта аяқты көтеріп аяқ саусақтарын өзіңізге қарай керіп 7-8 рет жасаңыз.
• Орындықтан тұрып денені оңға, солға, алға және артқа қарай керу қажет.
• Арқаны қабырғаға сүйеп, аяқтың ұшымен 2-3 секунд тұру керек. Сосын өкшені жерге тіреп 2-3 секунд тұрады.
• Енді қайтадан шалқалап жатып, аяқты жоғары көтереді де велосипед айдағандай қимыл жасайды.
• Түзу жатып, белден жоғары қарай денені жылжытпастан, аяқты біріктіріп оңға қарай сырғытып иеміз, сосын солға қарай иеміз.
Н. Үсенова