- Негізгі бет
- Денсаулық
- Калориясы ең жоғары...
Калориясы ең жоғары 5 жеміс
Салмақ азайтқысы келетіндерге әдетте жеміс-жидек жеуге кеңес береді. Себебі өсімдіктердің құрамындағы жасұнық мүлдем калориясыз, әрі арықтауға көмегі мол. Бірақ бұл тұжырым барлық жеміске арналмаған. Егер жемістерді дұрыс таңдамаса, артық салмақ қосып алу әбден мүмкін. Сонымен, қандай жемістер сіздің сымбатыңызға зиянын тигізуі мүмкін?
Бірінші орын. Кептірілген жемістер
Арықтағысы келетін жандарға зиян тигізетін жемістердің тобын бастап тұрған – кептірілген жемістер. Құрғақ жемістің 100 грамында орта есеппен 300 калория бар. Мейізбен, кептірілген өрікпен немесе басқа да кепкен жемістермен диета сақтау оң нәтиже бермейді. Мұны көптеген диетолог маман растаған, олар кептірілген жемістерді қантты алмастыру үшін аздаған мөлшерде қолдануды ұсынады.
Екінші орын. Кара өрік
Қара өріктің 100 грамында шамамен алғанда 230 калория бар. Сондықтан, сымбатты денеңізге кесірі тимесін десеңіз, күніне қара өріктің 5-6 жидегін ғана тұтыныңыз.
Үшінші орын. Авокадо
Теңіздің арғы жағынан келетін бұл жемістің калориясы 100 грамға шаққанда 160 болмақ. Бұл мөлшер қоюлатылған сүт пен майлы емес еттің энергетикалық құндылығынан кем емес. Бірақ бұл жеміс ашығуды тез басатындықтан, диетаға ұстағанда аз мөлшерде ғана жеуге жарайды.
Төртінші орын. Банан
Бананның 100 грамы 100 калорияны құрайды. Сонымен қатар, банан өте дәмді, әрі тойымды жеміс, тіпті дәл уақытында бас тарту мүмкін емес. Бірақ диетолог мамандардың айтуынша, бананның калориясы күнделікті кететін энергияны толтырмай, май болып жиналады.
Бесінші орын. Жүзім
Жүзімнің 100 грамындағы калория 70 ккал ғана болса да, құрамында сахароза (өсімдік сөлінде болатын ақ кристалл тәрізді қант) өте көп, "сондықтан, диета ұстаушыларға бұл жемісті мүлдем жемеу керек" дейді мамандар.
Айтпақшы, калориясы ең төмен жемістерге алма (45 ккал), өрік (41 ккал), апельсин (37 ккал), грейпфрут (35 ккал) жатады. Бірақ тек төмен калориялы жемістермен диета сақтау ұзаққа созылмас: олар ағзаның күнделікті қажет ететін энергиясын қанағаттандыра алмайды.
Диета сақтау кезінде кептірілген жемістермен қатар, консервіленген жемістерден де бас тартыңыз, себебі олардың құрамындағы калория 400 ккалдан асып түседі.
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: pro-goroda.ru, bankoboev.ru
Y. Smaghul