Калориясы төмен тағамдардан тұратын диета қартаю барысын баяулатып, өмірді ұзартады, – деп хабарлайды 24 kz. Бұл туралы Nur.kz жазды.
Таяуда Португалия ғалымдары осы тамақтану әдісінің іс жүзінде қалай жұмыс жасайтынын анықтады. Тамақтану кезінде ағза жасушаларында ерекше үдеріс болады екен.
Жеңіл тағамдар жасушалардың ішіндегі ескі молекулаларды өңдеуге себеп болады. Егер молекулалар жойылмаса, олар өзара бірігіп, жасушалар жұмысына едәуір кедергі тудырады.
Мидағы қартаю барысына жауап беретін бөлікте аз калориялы тағаммен тамақтану кезінде белгілі бір өзгерістер болатыны да анықталды.
Ғалымдардың айтуынша, диетаның осы түріне қатысты ашылған жаңалық Паркинсон және Альцгеймер ауруларымен күресте көп көмегін тигізеді екен.
сурет: mnogo-sovetov.ru