Келси Новаковски Әлемде фермерлер жаһандық аштықты жоюға жететіндей азық-түлік өсіреді, алайда 795 миллион адам әлі де талғажау таппай отыр. Кедейліктің кесірінен көптеген адам БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ААҰ) белгілеген күндік 2,353 калория тұтыну межесіне жете алмайды. Ұйым өкілі Карло Кафиероның айтуынша, негізгі қиындық саяси тұрақсыздық, табиғи апаттар азық-түліктің таралуына айтарлықтай кедергі келтіріп, жетіспеушілікке әкеп соқтырады. Осылайша, адамдардың нан табу жолындағы күресі күрделене түседі. Аштыққа қарсы күресте әлемде ілгерілеушілік бар. Өткен ширек ғасырда дамушы елдерде азық-түлік тапшылығы деңгейі 23-тен 13 пайызға дейін төмендеді. Дамушы елдер халқы көбіне дәнді дақылдан не крахмал тәріздес тамырлардан нәр алса, өнеркәсібі дамыған елдерде ақуыз, май және қант басымдыққа ие. Дереккөз: nationalgeographic.kz