Бәрімізге мектеп қабырғасында жүргенде-ақ алғашқы көмек көрсету қағидаларын үйретті. Мысалы қолдан дем алдыруды, жүректі уқалауды және қақалып қалған адамдарға көмек көрсетуді білеміз. Бұл өте пайдалы. Өйткені бұны білу арқылы адам өмірін аман алып қала аламыз. Ал дәл сондай оқиға өзіміздің басымызға түсіп, қасымызда көмек сұрайтын да адам болмаса, не істейміз? Бүгін біз сіздерге соның сырын ашамыз.
Тәжірибелі парамедик бұл видеода тыныс жолдарына бір зат тұрып қалса, не істеу керектігін көрсетеді.
Әрине бұл процесс жаныңызды ауыртуы мүмкін, бірақ өлім мен өмірдің арасындағы адам үшін ауру екінші орынға қалады. Бұл тәсілді есіңізден шығармаңыз.
Сурет: ru.wikihow.com