Кафеде тәбетті келтіретін мәзірге қарап, атауы "дәмді "көрінген тамаққа тапсырыс бере саламыз. Соның салдарынан қаншама артық тамақ жеп, артық салмақ жинаймыз. Қате таңдау жасамау үшін не істеу керек?
- Тамақ ішемін-ау деп кафеге жол тартқанда, жолда жасыл шай, минералды су, болмаса кәдімгі су ішіп алыңыз. Осылайша аштық сезімін бәсеңдетесіз, сонымен қатар асқазанды тамақ қабылдауға дайындайсыз.
- Тамаққа тапсырыс бергенде, тәттіден бас тартыңыз. Тәттіге аса құмар болсаңыз, жеңіл тәтті түрін таңдаңыз. Мысал үшін жеміс салатын.
- Сұйық тағам ішіңіз. Жеңіл, көкөністер сорпасын таңдаған жөн. Асын сұйық тағамнан бастайтындардың азырақ калория жейтіні дәлелденген.
- "Екінші" асқа тапсырыс бергенше, жеңіл, кішкентай тіскебасарларды таңдаңыз.
- Тұздықтан бас тартыңыз. Кетчуп, майонез сынды тұздықтар астың дәмін келтірсе де, онымен қоса сізге талай артық калория береді.
- Тағамдардың арасынан буға піскен, суға қайнатылған, пісіру пешінде әзірленген түрлерін таңдаңыз. Майға қуырылған тағамдардан абай болыңыз.
- "Жаманнан жарты қасық ас қалар" деп, тойып қалсаңыз да, тәрелкедегені соңына дейін жеудің қажеті жоқ. Даяшыдан қалған тамақты өзіңізбен бірге салып беруді сұраңыз.
- Өзіңізге "Тоқта" дей біліңіз. Тәтті торттың тілімі сілекейіңізді ағызса да, сіз дұрыс тамақтану жолын таңдағаныңызды ұмытпаңыз.
Ал сіз кафеде қандай тағамға тапсырыс бересіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: 5050racing.by
С. А