Егер жұмыс үстеліңізде мысықтар мен күшіктердің суреттері тұрғанын көріп жаныңыздағылар жақтырмай жүрсе, оларды мына жаңалықтан хабардар етіңіз: "ұсқынсыз" жануарлардың суретін көріп жақтырмаған кейіп танытатын жандардың эмоциясы басқалардың еңбек өнімділігін арттырады. Сол сурет туралы жағымсыз пікірін айтқан адам жанындағы әріптесінің жұмыс белсенділігін арттырып отырғанын сезбейді де. Бұл жөнінде Хиросима университетінің ғылыми орталығының қызметкерлері жария еткен.
Ғалымдар студенттерді бірнеше топқа бөледі. Бірінші топтағы студенттерге әдемі мысықтың балалары мен күшіктердің суреттерін, ал екінші топтың студенттеріне үлкен мысықтар мен иттердің суреттерін көрсеткен. Артынша қай суретке көп қаралғандығы анықталған. Зерттеу нәтижесінде бірінші топтың студенттері қарсыластарын артта қалдырған.
"Біз өз зерттеуіміз арқылы жылы жүзді жануарлардың суреттеріне қарағанның арқасында жұмысты тиянақты аяқтауға болатынына көз жеткіздік", - дейді жапон ғалымдары. Оның үстіне олар осындай суреттерге қарау арқылы адамда қоршаған ортаны сүю сезімі де артатынына шүбә келтірмейді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: florsita.ru