Кей әйелдер етеккір басталғанын сезбейді де, бірақ көпшілік әйелде іші мен белі қатты ауырады. Неліктен бұл кезде іш ауырады және оны қалай кетіруге болады? Бұл сұраққа Psychologies.ru сайтына қытай медицинасы маманы Анна Владимирова жауап берді.
Заманауи медицина етеккір – патология емес екенін айтады. Бұл табиғи физиологиялық процесс, ол әйелге жағымсыздық сыйламау керек. Бастапқы бірнеше сағатта ішіңіз төмен тартып ауыруы мүмкін, бірақ оның бірнеше күн бойы ауыруы қалыпты емес.
Іш не үшін ауырады?
Оның себебін өздігінше анықтау мүмкін емес. Оның себептері көп, бірақ жиі кездесетін екеуі бар:
1. Кіші жамбас органдарындағы қабыну процестері. Жұқпа бірнеше анализ арқылы оңай анықталады және әдетте, ол жылдам емделеді.
2. Ішкі органдар тіндерінің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылған немесе осы органдар негізгі орналасқан жерінен жылжыған.
Іш ауырғанда не істеуге болады?
Ең маңыздычы - іштің ауырғанына шыдаудың қажеті жоқ. Ол қатты ауырған сайын жүйке жүйесі белсенді ынталанады, ал ол ағзадағы күйзелісті одан сайын күшейтіп жібереді. Сондықтан ауруды басу керек болса, түйілуді басатын дәрілер ішу керек. Бірақ, әрине, оны тек дәрігер жазып бере алады. Сондай-ақ мынадай әдістерді байқап көруге болады.
Жылы ванна
Су жылы болуы керек, эфир майларын қоспай-ақ қойыңыз. Бірақ хош иісті шамдар қолдануға болады. Ваннада 15 минуттан артық жатпай-ақ қойыңыз. Сондай-ақ ванна қабылдау үшін сізде қан қатты ағып жатпауы керек және ешқандай қабыну процестері болмауы керек.
Құрғақ жылу
Іштен 10-15 см төмен жерге жылу басуға болады. Бұл жатыр бұлшықеттерін босаңсытуға көмектеседі. Бірақ қабыну процестері болса, жылу басуға болмайды. Сондықтан алдымен дәрігеріңізбен ақылдасып алған дұрыс.
Тікенекті кілемше
Беліңіздің астына кез келген тікенекті кілемшені қойып, аз дегенде 5 минут жату керек.
Босаңсуға арналған жаттығулар
Еденге жатыңыз. Беліңіз еденге тиіп тұру керек. Тізені бүгіңіз. Ішіңізге кітап қойып, тынысты шығарып, кітапты барынша көтеруге тырысыңыз. Босаңсуға тырысыңыз. Әр кез барынша терең және еркін тыныс алуға тырысыңыз.