Жаяу жылдам жүрген адам ерте қартаймайды. Деменцияға, яғни, қарттыққа, алжасуға ұшырамайды. Осылай дейді Аустралия мен Дания ғалымдары бірігіп жүргізген зерттеу.
Ғалымдар 40 жастан асқан 78 мыңнан астам адамның деректерін талдап, жылдам жаяу жүрудің пайдасын анықтауға тырысқан. Жылдам жаяу жүруді әдетке айналдырған адамдардың көбі ерте қартая қоймайтынын байқаған ғалымдар мынандай қорытындыға келген.
"Күніне 6300 қадам жылдам жүрген адамның деменцияға шалдығуы 57 пайызға дейін кемімек, ал қаттырақ жүрген адамдікі 62 пайызға дейін азаяды", - деп дерек келтіреді зерттеушілер.
Ғалымдардың айтуынша, адам жылдам, тез жүрген кезде минутына 40 қадам басып үлгереді екен. Одан қатты жүретіндер 1 минутта 112 қадам басатын көрінеді. 30 минут бойы осылай қатты жүрген адамның миы тез жұмыс істейді де, ерте қартаюға ұшырай қоймайды.