Адамның қолына ұстамайтын нәрсесі жоқ. Сондықтан бактерия мен вирустың, ауру туғызушы патогеннің бәрі қолға тұрып қалады. Одан арылу үшін қолды сабындап жуу керегін білеміз. Әсіресе, пандемия кезінде бұған көзіміз жеткен болар.
Бірақ қолды сабындап жусақ та, оны қалай жуған жөн. Баяу ысқылап жуамыз ба әлде жылдам жуа салған жөн бе? Міне, осы сауалға Америка ғалымдары жауап іздеп көрген екен.
АҚШ-тың Физика институты зерттеушілерінің айтуынша, вирустың кету-кетпеуі қолды жуу жылдамдығына тікелей байланысты.
"Егер қолды баяу әрі ақырын ысқылап жусаңыз, вирустың толық кете қоюы қиын. Патогенді толық шайып жіберу үшін саусақты тарамдап, қаттырақ ысқылаған жөн. Әрі құбырдан аққан су барынша қаттырақ болса жақсырақ", - деп түсіндірді институт зерттеушісі Пол Хаммонд.
Физиктің айтуынша, қолды кем дегенде 20 секунд жуу керек екен.