Ғалымдар жүзім денсаулыққа пайдалы болғандықтан, оны жиі-жиі жеп тұруға кеңес береді. Олардың айтуынша, жүзім остеопороз қаупін төмендетуге оң әсерін береді екен.
АҚШ ғалымдары денесінде артық салмағы бар орта жастағы ерлер мен әйелдерге арнайы сынақ жүргізеді. Сынақ кезінде жүзім қабыршағы мен дәнінің құрамындағы ресвератрол 3 айдан кейін сүйек пен шеміршек талшықтарының өсуін жақсартып, жаңартатыны белгілі болған. Бірақ та ол үшін жүзімнің құрамында ресвератрол мөлшері әлдеқайда көп болу тиіс.
Сонымен қатар ғалымдар қызыл шарапты ішкеннен гөрі жүзім сығындысын немесе қантсыз шырынды ішкен дұрыс деп есептейді.